Спорт

«Шахтер М» ел чемпионатының жүлдегері атанды

Қарағандылық «Шахтер М» футбол командасы Қазақстан жастар чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Рустам Қожабеков команда мүшелері мен бас бапкер Максим Самченконы қабылдап, арнайы құттықтады.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Аталған чемпионат сәуір мен қазан айының аралығында өткен. Оған 12 команда қатысып, өзара күш сынасты. Әу баста жерлестер турнир кестесінде көшбастап тұрған болатын. Әрі ұзақ уақыт І орыннан түспей, тамаша өнер көрсетіп жүрді. Алайда, турнир соңына қарай павлодарлық «Ертіс» командасы екі ұпай айырмашылығымен алға шығып, турнир жеңімпазы атанды.

– Команда құрамында 17-20 жас аралығындағы 25 адам бар. Маусымды жақсы өткізді. І орында ұзақ тұрдық. Турнирді жеңгіміз келді. Бірақ, чемпионатта көп ұпай жинаған адам жеңеді. Мүмкін сәттілік жетіспей қалған шығар. Ал, команда ойыншылары лайықты өнер көрсетті, – деді «Шахтер М» командасының бас бапкері Максим Самченко.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button