«Шахтер» Кубоксыз қалды
Футболдан Қазақстан Кубогі аясында қарағандылық «Шахтер» өз алаңында қостанайлық «Тобылмен» қарымта ойын өткізді. Қарымта кездесу 1:0 есебімен қарағандылықтардың пайдасына шешілгенімен, екі ойынның нәтижесі бойынша 1:2 есебімен қостанайлықтар ел кубогінің жартылай финалына жолдама алды.
Ойынның тағдырын шешкен жалғыз гол – 90-шы минутта соғылды. Бұған дейін жерлестер қарсыластарды қанша қыспаққа алса да, қақпадан саңылау таба алмаған еді. Ойынның аяқталар сәтінде Роджер Каньяс он бір метрлік айып добын орындап, командаға жеңіс алып келді.
Дегенмен, жерлестер ел кубогінің жартылай финалына өте алмады. Бір гол айырмашылығымен жеңіске жеткен «Тобыл» жартылай финалда «Атырау» клубымен кездеседі. Ал, «Атырау» клубы алматылық «Қайратты» екі кездесудің қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіп, 1/2 финалға жолдама алған болатын.
Екі кездесу қорытындысы бойынша 3:1 есебімен «Тұранды» жеңген елордалық «Астана» жартылай финалда «Ордабасымен» кездеседі. Ал, шымкенттік «Ордабасы» «Қызылжарды» 2:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама иеленген.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz