Бас тақырыпСпорт

«Шахтер» командасының жаңа бас бапкері тағайындалмақ

«Шахтердің» бас бапкері қызметіне белгілі қазақстандық маман, спорт шебері Дмитрий Огай келеді. Команда алдына 2026 жылы Премьер-лигада қайта өнер көрсету құқығын жеңіп алу міндеті қойылған.

Сурет ҚФФ

Дмитрий Огай – Жамбыл футболының тәрбиеленушісі ретінде ол кәсіби мансабын жергілікті «Химик» клубында бастап, бірнеше жыл бойы ел чемпионатының Жоғарғы лигасында алматылық «Қайрат» және ташкенттік «Пахтакор» командаларында ойнаған. Қарағанды футболының жанашырларына оның 1990–1992 жылдары «Шахтер» сапында өткізген ойындарынан жақсы таныс. Сол кезеңде ол 98 матчқа қатысып, 7 гол соққан. Сонымен қатар екі маусым Германияның кәсіби клубтарының бірінде доп тепкен.

Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Дмитрий Алексеевич бапкерлік қызметте де табысты жұмыс атқарды. Оның жетекшілігімен павлодарлық «Ертіс» 2002 және 2003 жылдары екі мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Ал 2007 жылы қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Сол жылы Огай басқарған «Тобыл» Интертото кубогының иегері атанған болатын.

Алдағы күндері «Шахтер» клубының жаңа бас бапкері Дмитрий Огай ресми түрде команда басшылығына және ойыншыларға таныстырылады.

Айта кетейік, «Шахтер» клубы Қазақстан чемпионы атағын 2011 және 2012 жылдары жеңіп алған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button