ЖаңалықтарСпорт

«Шахтер» колумбиялық шабуылшымен қоштаспақ

«Шахтер» футбол клубы колумбиялық шабуылшы Хуан Асприлламен қоштасуға шешім қабылдады. 24 жастағы шабуылшы «Шахтер» сапында 9 матч өткізіп, бірде-бір гол соқпаған. Оның еншісінде бір нәтижелі пас қана бар.

Сурет: prosports.kz

Асприлла қарағандылық клубқа осы жылдың ақпан айында ауысқан болатын. Ол бұған дейін колумбиялық Америка, Реал Сан-Андрес, Букараманга, Лланерос және Бояко Чико клубтарында ойнаған. Шабуылшы өзінің ең сәтті кезеңін Лланероста өткізген, онда ол 21 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button