Бас тақырыпБасты тақырыпСпорт

«Шахтер» клубының жастар командасы екінші лиганың күміс жүлдегері

Қарағандылық «Шахтер» клубының жастар командасы Қазақстан Екінші лигасының 2024-2025 маусымының күміс жүлдегерлері атанды. Чемпионат жүлдегерлерін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев қабылдап, жүлдегерлерді марапаттады.

Суреттерді түсірген автор

«Шахтер» жастары былтыр да дәл осы лигада жүлделі ІІ орыннан көрінген. Биылға маусымда да жерлестер жетістігін қайталап отыр. Биылғы маусымға 22 командадан өтініш түскен. Сәйкесінше, барлық команданы екі топқа бөлген. «Шахтер» жастары жеребе нәтижесінде Солтүстік Шығыс конференциясына түсіп, өз тобында ІІ орыннан көрінді. Серік Жұманғалиұлы өз сөзінде жас футболшыларға жеңіс тілеп, ақжарма тілегін білдірді.

– Команданың деңгейі керемет. Тұрақты ойын көрсетіп жүр. Дегенмен, алдағы уақытта чемпион атанады деген үміттемін. Өзім де кішкентайдан футболға жанкүйермін. Сол кезде «Біздің жастардан да үлкен чемпиондар шықса ғой» деп ойлайтынмын. Мінекей қазір бастамасы жаман емес. Биыл клубта біршама өзгерістер орын алды. Басшылығы ауысты. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс істейміз деген сенімдемін, – деді басқарма басшысы.

Чемпионат қорытындысы бойынша елордалық «Астана» жастары 58 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Ал, жерлестер еншісінде 48 ұпай. Үздік үштікті 37 ұпаймен семейлік «Елім-ай» клубының жастары түйіндеді.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button