«Шахтер» клубының ертеңіне жанкүйерлері алаңдаулы
«Шахтер» футбол клубының бастауы сонау 1957 жылда жатыр. 1958 жылы ресми түрде футбол клубы ретінде тіркелді. Содан бері бұл ұжым қарағандылықтардың мақтанышына айналды. Көмірмен даңқы шыққан өңірдің бір символы болды. 2011 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Бұған дейін де ел біріншілігінің ақтық сындарына дейін жеткен еді. Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын командаларының үздік үштігінде болды. 2012 жылы чемпиондықты сақтап қалды.

Ал, 2013 жылы Еуропаның жоғарғы лигаларында ойнап жүрген тәжірибелі белоруссиялық «Батэ» командасын екі матчта да жеңді. Албаниялық «Скендербеу» ұжымын, тіпті 3:0 есебімен ойсыратқан. «Астана – арена» стадионында әйгілі һәм титулды шотландиялық «Селтикті» 2:0 есебімен жеңуі – Еуропа футболын Қазақстанға жалт қаратқан. Тұтас ел болып «Кеншілер шаһарының командасы Кәрі құрлыққа жорыққа аттанды» деп сүйіншілеген едік. Қарағанды ғана емес, қазақ елінің мақтанышына айналып шыға келген. Сол тамыры тереңде жатқан, бір кезеңде даңқ пен атаққа кенелген клубтың бүгінгі хәлі мүшкіл.

Еуропаның турнирі былай тұрсын, Қазақстанның жоғарғы лигасынан да төменге құлдырап кетті. Басшылығы мен жаттықтырушысын қанша ауыстырса да еш нәтиже жоқ. «Шахтер» жанкүйерлері алаңдаулы. Жағдайды реттеу үшін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев футбол клубын жеке меншікке өткізуді ұсынды. Осыған орай Достық үйінде «Шахтер» футбол клубы акционерлік қоғамын» жекешелендіру мәселесі бойынша көпшілік тыңдау өтті. Тыңдауға облыстық мәслихат депутаттары мен ардагер спортшылар қатысты.
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқисыздар…
Ерік НАРЫН
Ortalyq.kz



