Жаңалықтар

«Шахтер» футбол орталығында – жаңа басшы

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы бас бапкері Александр Кузнецов «Шахтер» футбол орталығының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет: Sports.kz

– «Шахтер» ФК үздіктердің қатарында болатынына сенімдіміз. Александр Кузнецовты өз клубымызға шақырған едік, ол шақыруды қабыл алды. Бүгіннен бастап Александр Евгеньевич «Шахтер» ФК футбол орталығын басқарады, – делінген клубтың «Instagram» парақшасында.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде А. Кузнецов 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының бапкері қызметінен кеткен болатын. Ол бұл қызметке 2021 жылы тағайындалған еді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button