Спорт

«Шахтер» 1 сәуір күні елордалық «Астанамен» ойнайды.

 Мақаланың газеттегі тақырыбы: «Шахтер» шахтаға барды

«Шахтер» футболшылары шахтаға түсті. Сейсенбі күні қарағандылық клуб ойыншылары Костенко шахтасына арнайы барды.

«Шахтерліктердің» Костенкоға баруы тегін емес. Костенко – Қарағанды көмір алабындағы ірі өнеркәсіп орнының бірі. Кеңес дәуірінде Ленин және Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Сондықтан, сырттан келген ойыншыларға көмірлі өлкені жан-жақты таныстыруды мақсат тұтқан ұйымдастырушылар осы маңдайалды өндіріс ошағына ат басын бұруды дұрыс деп шешіпті.

Футболшыларды қарсы алған шахта директоры Аманбай Бейсембаев шахтаның тарихынан сыр шертті. Жер астындағы қауіпсіздік техникасы туралы айтып берді. Бұдан кейін «шахтерліктер» 670 метр тереңдікке түсіп, кеншілер жұмысымен танысты. Бір матчтың уақытын (90 минут) жер астында өткізді. Көмір комбайны арқылы көмір өндіруге атсалысты.

Шара соңында кулбтың атқарушы директоры Асқар Әбілдаев шахта ұжымы мен басшылығына қызықты сапар ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. Футболшылар да өздерінің әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын жеткізді.

«Шахтер» 1 сәуір күні елордалық «Астанамен» ойнайды. Матч Теміртаудағы «Металлург» стадионында өтеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button