Шахтадағы ару
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты Саран шахтасында маркшейдер болып жұмыс істейтін Эльмира КАЗИЕВА өзіне сеніп тапсырылған жауапты іспен қатар өзін-өзі дамыту мен хоббиін үйлестіре біледі.
Тау-кен өнеркәсібінде кен геодезисті – жер астында да, жер бетінде де жұмыс жасайтын маман. Егер жалпы алғанда кен іздеуші мамандығы туралы айтатын болсақ, бұл маман кен орнында кеңістіктік және геометриялық өлшеулер жүргізеді. Картада зерттелген аумақтың орнын белгілейді. Жер бетінде барлау ұңғымаларының орналасуын тіркейді. Геологтармен бірге пайдалы қазбаларды есептейді, жер бетінің ерекшеліктерін, пайдалы қазбасы бар кен орындарының басқа параметрлерін көрсететін сызбалар жасайды. Эльмира Қарағанды техникалық университетін «Маркшейдерлік жұмыс» мамандығы бойынша бітірді. 2017 жылы ол Абай шахтасына жұмысқа келді. Қазір Саран шахтасында.
– Мен ғылымға, математикаға, логикаға жақын болдым, сондықтан техникалық мамандықты таңдадым. Менің магистрлік мамандығым мен маркшейдерлік жұмысым арасында тікелей байланыс жоқ. Бірақ, алған білімім осы мамандығыма септігі тиді. Біз, маркшейдерлер, барлық процесті бақылаймыз, және бұл ерлер тобымен жұмыс, егер қажет болса қаттылық таныту керек, – дейді Эльмира.
Шахтадағы аруды басшылық та, қызметкерлер де жоғары бағалайды. Барлығы ол туралы тек жылы лебізбен айтады, мақтаныш, үлгі етеді.
– Біздің командада осындай еңбекқор адамның болғанына қуаныштымыз. Ол 8 сағат бойы үздіксіз жұмыс істейді. Үнемі ізденістегі жан. Ісіне жауапкершілікпен қарайды. Техникалық тұрғыдан өте күрделі құрылғылармен айналысса да, ол ешқашан абдырамайды, жағдайды талдауды біледі. Сонымен қатар, ол тамаша аспаз, – дейді әріптесі, маркшейдер Алсу Сабирзянова.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ.