Бас тақырып
Шахтадағы апат: кеншілердің денесі табылды
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жеті жұмыскерінің денесін тапты.

Олардың жеке басының ақпараты анықталуда.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
– Қайтыс болған жеті жұмысшының денелері жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Оқиға орнында Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары тобы жұмыс істеуде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.