Ресми
Шахтадағы апат: қаза тапқан 17 кеншінің отбасына әлеуметтік төлем тағайындалды
Қайтыс болған 46 кеншінің 21-інің қамқорлығындағыларға әлеуметтік қолдау көрсетіледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Костенко атындағы шахтада орын алған апат салдарынан қаза тапқан 17 кеншінің балаларына жәрдемақы мен төлем тағайындады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Қайтыс болған 46 кеншінің 21-інің қамқорлығындағыларға әлеуметтік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі. Дәлірек айтсақ – республикалық бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz