Бас тақырып
Шахтадағы апатқа байланысты үкіметтік комиссия құрылды
Ұлытау облысында орын алған шахтадағы апатқа байланысты үкіметтік комиссия құрылды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.
Комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев басқарады.
Вице-премьерге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін ТЖ орнына шұғыл бару тапсырылды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.