Covid-19
Шахта қызметкерлері екпе алды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің кәсіпорындарында коронавирусқа қарсы 7 мыңнан астам қызметкер екпе алды – бұл ұжымның шамамен 56%-ы.
Вакцина алғандардың санын компания хабарлады. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ барлық үш департаменті бойынша бүгінгі күні 17 722 адам екпенің толық курсын алды – бұл 60%-дан астам. Вакцинация күнделікті жалғасуда. Кәсіпорындарға өңірдегі емханалардан медициналық бригадалар келеді. Көмір департаментінде бригадаларға сыйақы беру туралы шешім қабылданды, онда 30-қыркүйекке дейін вакцинацияланғандардың саны 80% жетеді. Сыйлық мөлшері – 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін.
Қарағанды облысының әкімдігі.