АймақБұқар жырау

Шахмат турнирі өтті

Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі мен Ардагерлер кеңесі бірлесіп, аудан ардагелері арасында шахматтан турнир өткізді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Шаршы тақта үстіндегі шайқас алаңында ардагерлер жақсы ойын өрнегін көрсетіп, белсенділік танытты.

Соның нәтижесінде жүлдегерлер анықталып, оларға дипломдар мен медальдар, ескерткіш сыйлықтар берілді.

Енді жарыс жеңімпаздары шахмат бойынша алда өтетін облыстық турнирге барады.

Ержан ИМАШ,

ortalyq.kz

Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button