Шабанбай би үздік туристік ауыл атанды
«Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауының нәтижесі шықты. Байқау нәтижесі бойынша Қазақстандағы 2025 жылы үздік туристік ауылдар анықталды. Туристер үшін ең үздік ауылдардың қатарында Ақтоғай ауданы Шабанбай би ауылы да бар.
Kazakh Tourism мәліметінше, облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілген. Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді. Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды.
Олар:
– Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы);
– Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы);
– Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы);
– Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер ауданы);
– Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы).
Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village халықаралық байқауында елімізді таныстырмақ.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Видео: Youtube-тағы “Marbullin” каналынан алынды