АймақШет

Шағын цех – ел игілігі үшін

Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында «Ауыл Аманаты» халықтың табысын арттыру мемлекеттік бағдарламасы аясында ет және сүт өнімдерін өндіретін цех іске қосылды.

Суреттер: облыс әкімінің сайтынан

Цехты 5 жылдан бері үйінде жартылай дайын өнімдерді өндірумен айналысқан кәсіпкер Гүлзада Мұқашова ашқан.  Ол осыған дейін өз өнімдерін жергілікті дүкендерге және ауылдастарына өткізіп келген.

– Мен мамандығым бойынша аспазбын. Бес жыл бұрын үйімде тұшпара, манты, тартылған ет дайындай бастадым, содан кейін ассортиментке шұжық, май, сүзбе, қаймақ қостым. Өнімдер сұранысқа ие болды. Тұтынушылар үйден де келіп, мен апарып тапсыратын дүкендерден де сатып алады. Бірнеше жыл бұрын сүйікті ісіммен толық айналысу үшін шеберхана салу идеясы пайда болды. Жолдасым екеуміз өз қаражатымызға үйдің жанында цех пен шағын дүкен салдық. Өткен жылы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша несие алуға өтінім бердім, маған 2,5 пайызбен 5 миллион теңге мақұлданды, – деді Гүлзада Мұқашова.

Ол аталмыш қаражатқа цех үшін қажетті жабдықтар сатып алғанын айтады.

Қазіргі таңда бір көмекші жұмысқа алған, жақын арада тағы бір адамды жұмыспен қамтамасыз етуді  жоспарлап отыр.

– Біз қазірдің өзінде түрлі ассортименттегі ет өнімдерін өндіріп жатырмыз. Жақын арада сүт өнімдерін өндіру үшін сүт қабылдауды бастаймыз. Сұраныс бар. Қазір мен әлі де ірімшік жасау бойынша білім алып жатырмын, өнімдер ассортиментін кеңейтіп, ыстау аппаратын сатып алғым келеді. Жалпы, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы мен үшін жақсы көмек болды. Жұмыс істегісі келетін адам өтініш беріп, өз күшін сынай алатынына сенімдімін, – дейді кәсіп иесі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button