Ресми

Үш жақты қолдаудың тиімділігі зор

Ресми деректерге сүйенсек, биылғы жылдың ІІІ тоқсанындағы облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ды құрады. Өткен жылы бұл кезеңдегі көрсеткіш 4,5% болған еді. Жұмыспен қамтудың кешенді шараларын жүзеге асыру нәтижесінде мүмкін болды.

Көрнекі фото

Осы айдың басындағы жағдай бойынша жұмыспен қамту орталықтарында 7089 жұмыссыз адам тіркеуге алдынды. Сәйкесінше, осы уақытта 32 455 жаңа жұмыс орны ашылды, оның 12 170-і – жаңадан ашылғандар. Бұл нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның бірінші бағыты бойынша еңбек нарығы сұранысына қарай техникалық және кәсіптік білім игеруге жыл басынан бері 700 адам жіберілді. Жаңа мамандық алып, машықтарды иегеруге бағытталған қысқа мерзімді кәсіби оқытуға 3 747 адам барды. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды жұмыс берушілер бағдарламаның осы бағыты арқылы оқытып алуына мүмкіндік бар.

Бағдарламаның келесі – жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту әуелгі міндет саналады. Бұл ретте «Бастау-Бизнес» және биыл іске қосылған «Жас кәсіп кер» жобалары айтарлықтай үлес қосқанын айта кеткен ләзім. Бизнестің бастауларын үйретіп, өз ісін жүргізуге баулитын жобаларды 4 254 адам оқып шықты. Алған білімдерінің нәтижесінде бизнес жобаларын жүзеге асырушыларға шағын несиелер мен мемлекеттік гранттар үздіксіз берілуде. Мәселен, бірінші желтоқсандағы мәліметке сай бағдарламаның 1 340 қатысушысы шағын несие алған болса, 1 603 адам грантқа қол жеткізген. Жүйелі жұмыстың жалғасы сол қатысушылардың өз істерін ашып, кейін жаңа жұмыс орындарын ұсына алатындай деңгейге жетуі болуы тиіс. Өздерінің әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, өзгенің де қажетін ашып жүрген адамдардың жарқын мысалы қазір қоғамда көп.

Бағдарламаның халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту деп аталатын үшінші бағыты тұрғындарды жұмысқа орналастыруда атаулы көмекті күшейту және еңбек нарығының инфрақұрылымын дамытуды көздейді. Оның аясында тұрақты және бос жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға тарту шаралары жүргізіледі. Бұл бағытта облыс бойынша 37 902 адам бос жұмыс орындарына орналасқан. Одан бөлек, әлеуметтік жұмыс орындарына – 863, қоғамдық жұмыстарға 6 500 адам тартылған.

Сонымен қатар, «Жастар тәжірибесі» бойынша 1 527 адам жұмыспен қамтылған. Әрине, жұмыспен қамту шаралары жан- жақты кешенді жұмыстар. Онда әр адамның білімі, машықтары мен мүмкіндіктері екшеледі. Дегенмен, адамның ұмтылысы мен ниеті де маңызды фактор екені рас. Он екі мүшесі сау адамның жұмыс істеп, өзін және отбасын асырауы – заңдылық. Әркімнің өз өмірін жақсартуға жасаған қадамы түбінде ел экономикасына да әсер етері анық. Сондықтан, жұмыс орындарының көптеп ашылуы және оларда жұмыс істеуге құлықты азаматтардың болуы халықтың әл-ауқатының артуының негізгі алғышарттарының бірі болып қала бермек.

Жансая ОМАРБЕК

Басқа материалдар

Back to top button