Үш сәби жүрегіне күрделі ота жасалды
Медициналық сақтандыру қорымен мүмкіндік молайып келеді. Кейінгі уақытта қор қаржысы арқылы өзге ем-домдармен қатар күрделі оталар да жасалып жатыр. Сондай күрделі ота Қарағанды облыстық кардиоорталығында үш сәбиге жасалды. Ота – Растелли отасы деп аталды. Отаның құнын медициналық сақтандыру қоры төледі. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандардың мәлімдеуінше, Растелли отасы – медициналық көмектің жоғары технологиялық түрі. Атап айтқанда, ол – жүректің ауыр, туа біткен ақауы. Соның ішінде, қан тамырларының оң қарыншадан екі есе ажырап кетуі. Жыл басынан бері мұндай патология облыста үш баладан анықталған. Олардың бірі хирургия емдеудің екі кезеңінен өтіпті. Бірінші кезеңі – 1,5 айда болса, екіншісі және алты айында. Ал, екі балаға алғашқы ота жасалды.
– Мұндай патологиялармен балалар ауыр халде болады. Салмақты өте аз жинайды. Операция екі кезеңнен тұрады. Алдымен өкпе артериясы тарылады. Келесі кезеңде – бұл жасанды қан айналымы жағдайында түбегейлі түзетіледі. Ота күрделігі жағынан төртінші деңгей, – дейді балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Жанат Болатбекұлы. «Жыл басынан бері кардиоорталықта ота 6 бала мен 404 ересек адамға жасалды. Оларды төлеуге медициналық сақтандыру қоры 694 миллион теңге бөлді», – дейді Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметі.
Қызғалдақ АЙТЖАН.