АймақНұра

Үш нысан – ел игілігіне

Аймақтың астықты өңірі Нұра кентінде үш жаңа нысан пайда болды. Жаңадан ашылған Жастар аллеясы мен коворкинг орталығы кенттің сәнін кіргізіп тұр.

– Нұра кентінде жастардың екі аллеясын жабдықтадық. Асфальт төседік, орындықтар орнаттық. Жақында көшедегі онлайн караоке пайдалануға беріледі. Егер, жастарға бұл аллеялар ұнаса, оларды абаттандыру одан әрі жалғасады, – дейді Нұра ауданының Жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Шолтаев.

Оның айтуынша, аллеялар қазірдің өзінде жастар мен ауыл тұрғындарының сүйікті орнына айналып үлгерген. Әр кеш сайын олар осында жиналып, музыкалық аспаптарда ойнап, ән айтады, күй шертеді.

Сонымен қатар, Нұра кентінде аудан бойынша осымен екінші коворкинг-орталық ашылды. Ол орталық аудандық кітапхана ғимаратында орналасқан және барлық қажетті заттармен жабдықталған.

 

– Коворкинг орталығы дүйсенбі-жұма күндері 09:00-ден 21:00- ге дейін, ал, сенбі мен жексенбіде 13:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда жастар бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізеді. Коворкингте теледидар, компьютерлер, тегін Wi-Fi, сондай-ақ үстел ойындары – шахмат, тоғызқұмалақ бар. Демалу және өздігінен білім алуға арналған алаңдар да жабдықталған. Бұған дейін ауданның Шұбаркөл кентінде коворкинг-орталық ашылған еді, – деді Талғат Шолтаев.

Қазіргі таңда аудан аумағында 35 жасқа дейінгі 4854 адам тұрады. 

Жәлел ШАЛҚАР,
НҰРА ауданы
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button