Жаңалықтар
«Шұбаркөл көмір» жұмысшысы пойыз астында қалып, қайтыс болды
Оқыс оқиға 15 қаңтар күні «Шұбаркөл Көмір» АҚ ішкі теміржол желісінде болған.
Бағыттау бекетінің кезекшісі беймәлім жағдайда пойыз астына түсіп, қаза тапқан.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкердің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болған.
Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына құлап кеткен.
— Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды. «Шұбаркөл Көмір» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді, – деді компанияның баспасөз қызметі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz