Бас тақырыпМедицина

Үш ауданда 27 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде

Аймақта «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 92 нысан салу жоспарланған-тын. Оның 14-і өткен жылы пайдалануға берілсе, биыл Қарқаралы, Шет және Бұқар жырау ауданында 27 нысанның құрылысы басталды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова айтып берді. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев ұлттық жобаны уақтылы іске асыру қажеттігін баса айтып, жауапты мамандарға тапсырма берді. Әрі салынып жатқан нысандардың сапасын бақылауды ауыл әкімдеріне тапсырды.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

– Аталған жоба бірнеше міндет қояды. Біріншісі – ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдара отырып қамтамасыз ету. Аймақта 92 нысан салынады. 47-сі – медициналық пункт, 34-і – ФАП және 11-і – дәрігерлік амбулатория. Өткен жылы 14-і қолданысқа берілді. Биыл да жоба жалғасуда. Қазір 27 ауылда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 51 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жарияланды, – деді басқарма басшысы.

Ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету – екінші міндет. Осы мақсатта Теміртау мен Балқаш қаласында мамандандырылған орталықтары бар ауданаралық ауруханалар ашылады. Теміртауда бой көтеретін нысанның жобасы биыл іске асырылуы керек. Қазір ангиографқа арналған қосымша үй-жай салынуда. Ал, Балқаштағы нысанның жаңғырту жұмыстары келер жылы аяқталады деп күтілуде.

Үшінші міндет – кадр мәселесін шешу. Медицина мамандарын ауылдық жерлерге тарту үшін көтерме жәрдемақы көлемі ұлғайтылды. Сонымен қатар, қызметтік тұрғын үй де қарастырылған. Биыл Теміртауда жеткіліксіз мамандарды шақыру үшін 35 қызметтік пәтер берген. Ал, Балқашта дәрігерлер үйі ретінде бір ғимаратта қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button