Серік ӨТЕШОВ, облыстық мәслихат хатшысы: «Ел алдындағы міндет зор»
Қарағанды облыстық мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, облыстық мәслихаттың Регламентіне және жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. Биыл COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясының жалғасуына байланысты Қарағанды облыстық мәслихатының барлық отырысы негізінен «Zoom Cloud Meetings» бағдарламасының көмегімен қашықтан қатысу арқылы онлайн бейнеконференция режимінде өтті. Есепті кезеңде мәслихаттың жұмысы облыс әкімдігімен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және саяси партиялармен тығыз қарым-қатынаста жүргізілді. Біздің депутаттарымыз Қоғамдық кеңестің, көптеген консультативтік-кеңесші органдардың құрамында жемісті жұмыс істеді. Депутаттық корпус өзінің белсенді өмірлік ұстанымымен, кәсібилігімен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты.
Мәслихатта – жаңа депутаттар VII шақырылған Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттық корпусы 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлау нәтижесінде жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге құрылды. Сайланған 38 депутаттың 15-і өткен шақырылымдардың депутаттары болса, 23 депутат жаңадан сайланды. Қазіргі уақытта 38 депутат – өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, шағын және орта бизнес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен саласында өкілеттіктерін жүзеге асыруда. 29 депутат – Nur Otan партиясының мүшесі, 3 депутат – «Ауыл» партиясынан, 3 депутат – «Ақ Жол» партиясынан және үшеуі – Қазақстанның Халық партиясынан. Nur Otan партиясы мен «Ақ Жол» партиясының депутаттық фракциялары құрылды.
АЙМАҚТАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛАДЫ
Облыстық мәслихат қызметінің негізгі нысаны – сессия. Әрбір сессияны дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары облыстық мәслихаттың регламентіне, сессияларды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары 8 сессия өткізді. Оның ішінде, 1 ұйымдастырушылық, 3 кезекті және 4 кезектен тыс сессия бар. Онда 118 шешім, оның ішінде, 18 нормативтік құқықтық сипаттағы, әділет органдарында тіркеуге жататын шешімдер қабылданды. Есепті кезеңде сессия отырыстарында келесі жоспарлы мәселелер қаралып, шешімдер қабылданды:
1. «VI шақырылған Қарағанды облыстық мәслихатының шешімдерін орындау туралы»,
2. «Қарағанды облысында жастар саясатын жүзеге асыру барысы туралы»,
3. «2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы»,
4. «Қарағанды облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы есеп»,
5. «Қарағанды облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы»,
6. «Қарағанды облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі туралы»,
7. «Қарағанды облысындағы тұрғын үй құрылысының жағдайы мен даму перспективалары туралы».
VII шақырылған облыстық мәслихаттың биылғы жылдың 9 желтоқсанында өтетін кезекті IX сессиясында мынадай мәселелер қаралады деп жоспарлануда:
1. «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»,
2. «Қарағанды облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылы атқарған жұмысы туралы есебі туралы».
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың ұсынысымен ауыл шаруашылығындағы мал жайылымы, суды ортақ пайдалану мәселесі, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бағамы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізбелерін, әкімшілік-аумақтық құрылыс, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау, консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамындағы өзгерістер мәселелерін реттейтін қағидалар қаралды және бекітілді. Сондай-ақ, облыстық бюджетті нақтылау мәселелері бойынша 4 кезектен тыс сессия өткізілді. Барлық жүргізілген нақтылаулар, бірінші кезекте, қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлумен және қаражатты өңірді дамытудың бірінші кезектегі мәселелерін шешуге бағыттаумен байланысты болды. Облыстық бюджетті нақтылауға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында қаржыландырылатын инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға; әлеуметтік саланы, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға; табиғатты қорғау іс-шараларына; облыс жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге; облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға; ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы іс-шараларды іске асыруға байланысты мәселелер негіз болды. Газ құбырын салуды бастай отырып, тұрғын үй, инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілер салумен, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру, «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен ішінара кепілдік беру, шағын және орта бизнеске несиелер беру және тағы да басқа мәселелер негізге алынды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары сессияны дайындауға және оның жұмысына белсенді қатысты. Жоспарлы мәселелерді талқылау кезінде депутаттардың қаралатын мәселелер жөнінде қорытынды сөз сөйлеуі тәжірибесі тұрақты түрде жүргізілді.
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ҰСЫНЫМЫ ҚАДАҒАЛАНАДЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады, олардың төрағалары мен мүшелері өз депутаттарының арасынан сайланады. Тұрақты комиссиялар сессияның күн тәртібі бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізуге, оның ішінде, сессияда жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдауға, өздерінің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша қорытындылар беруге құқылы. Тұрақты комиссиялардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылданады. Қарағанды облыстық мәслихатының жанынан 5 тұрақты комиссия құрылды:
1. Бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі (төрағасы – депутат Қ.Б.Оспанова);
2. Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі (төрағасы – депутат Б.Қ.Шыңғысов);
3. Өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі (төрағасы – депутат С.М.Әдекенов);
4. Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі (төрағасы – депутат Т.Б.Өтеубаев);
5. Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі (төрағасы – депутат Ж.Ф.Штергер).
Әлеуметтік маңызы бар сипаттағы мәселелер үкіметтік емес ұйымдар, даму институттары, облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілдерінің қатысуымен тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралды. Айта кету керек, биылғы жылы бейінді тұрақты комиссиялардың барлық отырыстары кеңейтілген форматта өтті және оларға басқа да комиссиялардың депутаттары қатысты. Есепті жылы тұрақты комиссиялардың 60 отырысы өткізіліп, онда 108 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 235 ұсыным қабылданды. Оның 125-і іс жүзінде орындалды, 110 ұсыным мемлекеттік органдарда орындалуда. Тұрақты комиссиялардың ұсынымдарын іске асыру мәселесі барлық мүдделі тараптардың қатысуымен отырыстарда тұрақты қаралады және бейінді комиссиялар төрағаларының ұдайы бақылауында болады. Есепті кезеңде бюджет және жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның 13 отырысы өткізіліп, онда 16 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 18 ұсыным қабылданды, оның 8-і іс жүзінде орындалды, 10 ұсыным мемлекеттік органдарда орындалуда. Комиссия отырыстарында қаралған маңызды мәселелердің бірі – облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі.
Тұрақты комиссияның бейінді отырыстарында «COVID-19 пандемиясымен күреске бөлінген бюджет қаражатын пайдалану туралы» мәселе де қаралды. Денсаулық сақтау басқармасының «COVID-19»-ға қарсы күрес жөніндегі ахуал және облыстың денсаулық сақтау жүйесінің коронавирустық инфекцияның таралуының ықтимал пессимистік сценарийіне дайындығы туралы ақпаратын қарап, депутаттар тұрғындардан келіп түскен сұрақтарға тұрақты бақылау және уақтылы ден қою, мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаражатты пайдалану жөнінд ақпаратты жариялау қажеттілігі туралы ұсынымдар енгізді. Қарағанды облысында фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелері қаралды. Аталған мәселені талқылауға облыстың барлық фармөндірушілері тартылды. Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының фармкластерді дамытудың проблемалық мәселелері мен перспективалары туралы есебі тыңдалды. Есепті кезеңде әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссия 13 отырыс өткізді, онда 28 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 40 ұсыным қабылданды, оның 18-і нақты орындалды, мемлекеттік органдарда 22 ұсыным орындалуда.
Тұрақты комиссияның отырыстарында:
– Қарағанды облысындағы халықтың әлеуметтік осал топтарын (аз қамтылған отбасылар, көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жетім балалар және т. б.) қолдау және оңалту шаралары туралы;
– Қарағанды облысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамыту туралы;
– Ауыл, кент, ауылдық округ оқушыларын қашықтықтан оқытудың жағдайы және дамуы; ауыл халқының жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету туралы;
– Амбулаториялық-емханалық, жедел медициналық көмек, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерде көмек көрсету тиімділігін арттырудың кейбір мәселелері туралы;
– Фельдшерлік пункттерді салу (жеке тұрған ғимараттарды ұсыну), материалдық-техникалық базасын нығайту мүмкіндігін қарау туралы;
– Балалар үйлерінің, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтардың жағдайы мен даму перспективалары туралы;
– Ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің кітапханаларының жағдайы мен даму перспективалары, оның ішінде материалдық-техникалық базаны жарақтандыру туралы;
– Жаңа жұмыс орындарын құру және Қарағанды облысының жұмыссыз тұрғындарын жұмыспен қамту туралы;
– Облыстың жалпы білім беретін мектептерін жаңа оқу жылына дайындау мониторингінің қорытындылары туралы;
– Қарағанды облысында, оның ішінде ауыл тұрғындары арасында бұқаралық (мәдени) демалыс саласын дамыту перспективалары туралы;
– Кең бейінді мектептен тыс ұйымдар желісінің жағдайы және дамуы туралы;
– Қарағанды облысында ана мен бала өлімін төмендету бойынша денсаулық сақтау басқармасының жұмысы және т.б. туралы мәселелер қаралды. Есепті кезеңде өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық және жер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 7 отырысы өткізіліп, онда 14 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 30 ұсыным қабылданды, оның 21-і нақты орындалды, 9 ұсыным мемлекеттік органдарда орындалуда. Тұрақты комиссияның бейінді отырыстарында мына мәселелер қаралды:
– «Қарағанды облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қағидасын бекіту туралы»;
– «Қарағанды облысында шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайы мен дамуы және кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы»;
– «Қарағанды облысының жастар кәсіпкерлігін қолдау мен дамыту және оларды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді тарту туралы (облыс әкімінің гранттары)»;
– «Агроөнеркәсіптік сектор субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы»;
– «Қарағанды облысында бағаны тұрақтандыру, ішкі нарықты жоғары сапалы, табиғи ауыл шаруашылығы өнімдерімен, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толықтыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы»;
– «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды және қайта өңдеуді дамыту перспективалары туралы»;
– «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп»;
– «Ауылдық кооперативтерді дамыту және ауыл шаруашылығы өндірісіне заманауи технологияларды енгізу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» және басқалары.
Есепті кезеңде құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссияның 18 отырысы өткізіліп, онда 30 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 97 ұсыным қабылданды. Оның 54-і нақты орындалды. 43 ұсыным мемлекеттік органдар орындалысында. Тұрақты комиссияның бейінді оты рыстарында мынадай мәселелер қаралды:
– «Қарағанды облысында ортақ су пайдалану Қағидалары туралы»;
– «Қарағанды облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2021 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы»;
– «Қарағанды облысында тұрғын үй қатынастарын дамыту туралы»;
– «Саяқ кентін сумен жабдықтау жағдайы туралы»;
– «Саран қаласының Бас жоспарының жобасына өзгерістерді бекіту туралы»;
– «Қарағанды облысында цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы»;
– «Аквамәдениеттің жағдайы мен даму перспективалары туралы»;
– «Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсірудің жағдайы және қолданылатын шаралар туралы»;
– «Аудандық маңызы бар жолдардың жағдайы мен даму перспективалары туралы»;
– «Қарағанды облысының елді мекендерінде сумен, жылумен жабдықтау, су бұру және сарқынды суларды тазарту жүйелерінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы»;
– «Ауылдарды, кенттерді, ауылдық округтерді ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы мен перспективалары туралы»;
– «Қарағанды облысында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы»;
– «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мен кәдеге жаратудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыруға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы»;
– «Қарағанды облысында «Жасыл аймақтар» құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы»;
– «Қарағанды облысының қоршаған ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар Жоспарының Жобасы туралы»;
– «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы ставкалары туралы» және басқалар.
Есепті кезеңде депутаттық өкілеттік, этика, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 9 отырыс өткізіп, онда 20 мәселе қаралды. Олардың қорытындысы бойынша 50 ұсыным қабылданды, оның 24-і нақты орындалды, 26 ұсыным мемлекеттік органдарда орындалуда. Тұрақты комиссияның отырыстарында қаралған негізгі мәселелер:
– Су тасқыны кезеңінің өтуі туралы;
– Мысықтар мен иттерді ұстау; қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау Қағидаларын сақтау туралы;
– Ортақ су пайдалану; жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау; қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру; жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру Қағидаларын сақтау туралы;
– Жер қатынастары туралы заңнаманы сақтау туралы;
– Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау туралы;
– «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру туралы» мәселені қарау шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен, облыс әкімінің аппаратымен, арнайы мониторингтік топпен бірлесіп, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Қарағанды облысының қабылданған іс-шаралар Жоспарын сапалы іске асыру, сондай-ақ өмірдің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша шаралар қабылдау мәселелері талқыланды (тұрақты комиссияның 2021 жылғы 18 мамырдағы қаулысы),
– Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы;
– Учаскелік полиция инспекторларының жұмысы туралы;
– Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыстар туралы;
– Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің 2021 жылдың ағымдағы кезеңіндегі қызметінің қорытындылары туралы және т.б.
Бейінді тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданып, олардың орындалуына мониторинг жүргізіледі.
ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫН ФРАКЦИЯ БАҚЫЛАЙДЫ
Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық мәслихатындағы фракциясы қызметінің негізгі мәселесі (фракция жетекшісі – депутат А.Б.Түкбай) биылғы жылы партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысын бақылау болды. 2021 жылдың 11 айында фракцияның 9 жиналысы өткізілді, 67 ұсыныммен 24 қаулы қабылданды, оның 56-сы орындалды (83%), қалған 11-і ұзақ мерзімді бақылауда. Жыл бойы «Ақ Жол» партиясы фракциясының депутаттары заңнаманы жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді азайтуға және қолайлы бизнес ортаны құруға бағытталған кәсіпкерлерді қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мәселелердің тұтас блогын қарауға бастамашылық етті.
ӨЗЕКТІ ЖАЙТТАР – ДЕПУТАТТАР КОРПУСЫ НАЗАРЫНДА
Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттарының «Мәселелер-бастамалар пулын» іске асыру жұмыстары жалғасуда. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға 2020-2022, 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру кезінде депутаттардың бірқатар ұсыныс-бастамалары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді, автомобиль жолдарын дамыту, ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік және т. б. салаларда енгізілген. Депутаттық корпустың бақылауында өңірді дамытудың аса өзекті мәселелері бойынша 23 бастаманы іске асыру тұр. Биылғы жыл ішінде 3 бастама шешімін тапты, 15 бастама бойынша 2022-2024 жылдарға арналған бюджетте қаржы қаражаты көзделген, 6 бастама ұзақ мерзімді перспективада шешуді талап етеді. Депутаттық корпус облыстық қоғамдық кеңеспен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Қоғамдық кеңес мүшелерінің облыстық мәслихаттың барлық сессияларына міндетті түрде қатысуы, сондай-ақ депутаттардың Қоғамдық кеңес отырыстарына қатысуы жұмыс тәжірибесіне кірді.
БАҚ-ПЕН БАЙЛАНЫС – БАСТЫ МҮДДЕ
Облыстық мәслихат облыстық мәслихат депутаттарының қызметі туралы халықтың хабардар болуын жақсарту жөнінде мақсатты жұмыс жүргізуде. Жыл сайын облыстық газет редакцияларымен және теледидармен бірге медиажоспарлар жасалады. Ай сайын Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары облыстық теледидардағы телевизиялық бағдарламаларға қатысады. Бұл «ARQA LIVE» тікелей эфирлері, «Уақыт.KZ» сұхбат. Сондай-ақ, телевизиялық жобалар – «Главная студия», «Ойталқы», «Прошу слова», «ARQA news» ток-шоулары. 2021 жылы телевизиялық бағдарламаларда өз қызметі туралы хабардар етуге, проблемаларды және оларды шешу нұсқаларын белгілеуге, 29 ақпараттық және талдамалық бағдарламада депутаттар – М.С.Әбілов, Е.Т.Әбілдин. Б.Қ.Алтынбеков, А.Б.Әлімбаева, Қ.Ж.Ахмет, К.К.Біржанов, Ю.В.Бадина, Б.С.Досжанов, Г.Б.Дүйсенбаев, С.К.Ким, З.А.Марданова, М.А.Махатчина, О.С.Нұрқазов, Қ.Б.Оспанова, С.Қ.Оспанов, Е.Ж.Сатыбалдин, А.Б.Түкбаева, Т.Б.Өтеубаев, С.Б.Өтешов, Е.Б.Халилин, Б.Қ.Шыңғысов, Ж.Ф.Штергер, М.В.Шиллер және т. б. мүмкіндік алды.
Облыстық мәслихаттың қызметі туралы ақпараттар мерзімді баспасөзде, теледидарда жарияланады. «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» газеттері өкілді органдар мен олардың комиссияларының қызметі туралы мақалаларды тұрақты жариялап тұрады. 2021 жылы өңірдің баспа БАҚтарында өткізілген сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары; Nur Otan партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы; партиялық бақылау комиссиясының жұмысы туралы; өңірдегі бұқаралық спортты, автомобиль жолдарын, тұрғын үй құрылысын дамытудың жағдайы мен перспективаларына; партиялық жобаларды іске асыруға; жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, жастар саясатын іске асыруға; цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысқа; Қарағандыда әлеуметтік кәсіпкерлік мектебін енгізуге; емдеу-сауықтыру лагерлерінің жұмысын жандандыруға бағытталған 50-ден астам материал жарияланды. Қарағанды облыстық мәслихатының барлық депутаттары әлеуметтік медиада бар. Әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram) жеке парақшаларында қызмет нәтижелері туралы есептер; сайлаушылармен кездесу қорытындылары; азаматтарды жеке қабылдау, сессия мәселелерін қарау шеңберінде жұмыс комиссияларының шығуы барысындағы жұмыс нәтижелері жарияланады. Сондай-ақ, Елбасы мақаласының, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауының және Nur Otan партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуын түсіндіру шеңберінде материалдар жарияланады. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары болып табылады. Сонымен қатар, Facebook әлеуметтік желісінде сайлаушылармен «Кері байланысты» жандандыру мақсатында «Облыстық мәслихат – Қарағанды облысы» аккаунты жұмыс істейді. Онда облыстық мәслихаттың депутаттары бейінді комиссиялардың отырыстарына қатысу қорытындылары бойынша ақпаратпен, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылайды, жарияланымдарға түсінік теме береді және өңірдің тыныс-тіршілігінің өзекті мәселелері бойынша жазбамен бөліседі.
Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісінде Қарағанды облыстық мәслихатының ресми жұмыс парағы – «Қарағанды облыстық мәслихаты» жұмыс істейді. Мұнда облыстық мәслихат аппараты өткізілген кезектен тыс және кезекті сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы баспасөз хабарламаларын жариялайды. Халықтың өкілді биліктің қызметі туралы неғұрлым толық хабардар етіп, депутаттық корпуспен интерактивті қарым-қатынас мүмкіндігін іске асыру мақсатында мәслихат сайты жұмыс істейді. Ол пайдаланушылар үшін ашық. Ресми сайтта облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қызметі, облыстық мәслихаттың кезектен тыс және кезекті сессияларында көтерілетін мәселелер туралы және т.б. мақалалар салынады. Барлық ақпараттық материалдар мерзімді басылымдарда, әлеуметтік желілерде екі тілде (мемлекеттік және орыс) жарияланады. Коронавирустық инфекция пандемиясына байланысты карантин жағдайында депутаттардың сайлаушылармен жұмысы жалғасуда, оның ішінде онлайн режимінде де: азаматтардың өтініштері мен шағымдары қаралады, өз құзыреті шеңберінде көтерілген мәселелерді шешуге көмек және жәрдем көрсетіледі, ресми сұраулар мен өтініштер жолдау арқылы мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіледі. Есепті кезеңде депутаттар ұсынған мәліметтерге сәйкес 191 өтініш қаралды, 240 сұраныс пен хат жолданды, олардың көпшілігі оң шешімін тапты. Сайлаушылармен 230 кездесу өткізілді. Жеке қабылдауларда, оның ішінде онлайн режимінде 311 азамат қабылданды. Сайлаушылар көтерген негізгі мәселелер автомобиль жолдарын жөндеу, экологияны жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің сапасын арттыру, жолаушылар тасымалы мен көлік, білім беру, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты болды.
МАҚСАТ – АЙҚЫН
Сайлаушылармен қарым-қатынас тәжірибесі азаматтарды және облыстық мәслихат хатшысының жеке қабылдауын, оның ішінде Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында өткізуді де қамтиды. Ағымдағы жылы мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жеке қабылдауларда жүгінген 8 азаматтың мәселелері зерделенді, оларды шешуде 4 азаматқа көмек көрсетілді, қалған барлық мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Облыстық мәслихат аппараты депутаттық корпустың қызметінде ақпараттық-талдау, құқықтық және ұйымдастырушылық қызметті қамтамасыз ететін 8 мемлекеттік қызметшіден тұрады. Жыл бойы мәслихат аппараты тұрақты комиссиялардың отырыстары мен сессияларын өткізудің 60 мәселесі бойынша ақпараттық материалдар мен талдау анықтамаларын дайындады. Келіп түскен 1347 хат қаралып, түрлі мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға 878 сұрау салу мен жауап дайындалды және жіберілді.
Сондай-ақ, облыстық мәслихат сессияларында қабылдауға ұсынылатын 18 нормативтік-құқықтық актілер жобалары қаралып, дайындалды. 2021 жылдың бірінші қаңтарынан бастап облыстық мәслихаттың атына құжат айналымы бойынша 1347 хат келіп түсті. Мәслихат аппаратының қызметкерлері түрлі органдарға 878 сұраныс пен жауап дайындап жіберді. Барлық құжаттама заңнамада белгіленген мерзімде қаралды. Өткен жылы облыстық мәслихат аппаратына заңды және жеке тұлғалардан 48 өтініш келіп түсті, оның ішінде 10 өтініш қанағаттандырылды, 6-на сұрау салу бойынша түсініктеме берілді және 32 өтініш ведомстволық бағыныстылығы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға қайта жолданды. Жалпы алғанда, облыстық мәслихаттың аппараты депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарына қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдады. Сонымен бірге ақпараттық технологиялар мен интернеттің мүмкіндіктері белсенді қолданылады. Өңірдің тыныс-тіршілігін мәслихаттың сапалы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз ету, олардың уақтылы және толық қолданылуын бақылау Қарағанды облыстық мәслихатының басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Депутаттық корпус өз қызметін өз өкілеттіктеріне сәйкес тұрғындардың мүдделерін сөзсіз ескере отырып және облыс жұртшылығымен тығыз байланыста жүзеге асырады.
Келесі жылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді ескере отырып, мәслихаттардың мәртебесі мен өкілеттіктерін арттыру, тұрақты негізде жұмыс істейтін тұрақты комиссиялардың 2 төрағасы лауазымын енгізу және сессия Төрағасының өкілеттіктерін мәслихат хатшысына беру бөлігінде облыстық мәслихаттың жұмысы да тұтастай қайта құрылатын болады. Осыған байланысты облыстық бюджетті қалыптастыру және оның орындалуы, сондай-ақ басқа да мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, өңірді дамыту бағдарламаларын, халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік саланы дамыту мәселелерін және т.б. іске асыру кезінде атқарушы органдармен бірлескен жұмыс практикасын тағы да қайта қарау қажет деп санаймыз.
Біздің жоспарымызда – облыс жұртшылығымен және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл практикасын кеңейту. Жалпы, халықпен, біздің сайлаушылармен тығыз байланыс орнату.
Сонымен қатар, Қарағанды облыстық мәслихаты облыстық өкілді органның қызметін ақпараттық қамтуды одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Облыстық өкілді органның алдағы уақытта да өз қызметін жетілдіріп, жақсартып, атқарушы органдармен, қалалық және аудандық мәслихаттармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен өзара іс-қимылды нығайтып, сондай-ақ облыс халқының игілігі үшін жемісті еңбек ететініне сенім білдіруге рұқсат етіңіздер. Облыстық мәслихаттың депутаттары өздерінің борыштары мен міндеттерін түсінетініне, сайлаушылар алдындағы жауапкершіліктің барлық шараларын сезінетініне сенімдімін.