Жаңалықтар

Серік САНАУБАЕВ: “Әр азамат ертеңіне алаңдауы тиіс”

“Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы” ҚБ төрағасы Серік Санаубаев пен “Қазақстанның азаматтық альянсы” ЗТБ төрағасы Гүлнар Құрбанбаева №92 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ерлі-зайыпты сайлаушылар ел келешегі үшін әр дауыс маңызды екенін айтады.

– Бұл – тарихи сайлау. Себебі, енді сайланатын Президент өзінің ізбасары үшін мызғымас іргетас қалап кетуі қажет. Жеті жылда қаланған берік іргетас ел дамуы үшін мықты негіз болады. Соның арқасында алдағы отыз жылда дамыған елге айналамыз. Келесі Президенттің иығына жүктелетін жүк салмағы ауыр дер едім. Әр азамат ертеңіне алаңдауы тиіс. Еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс бердім, – дейді Серік Мәлібекұлы.

Гүлнар Төретайқызының пікірінше, ел ертеңіне шын алаңдаған адам сайлаудан қалмауы тиіс.

– Сайлауға дауыс беру жасындағы азаматтардың барлығы қатысуы тиіс деп есептеймін. Кімге дауыс берсеңіз де, ойыңызды білдіруіңіз – азаматтық борышыңыз, қоғам алдындағы парызыңыз. Жаңа Қазақстанның тұғырын нығайтар ізгі реформалар толыққанды жүзеге асуы керек деймін, – дейді Гүлнар Төретайқызы.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ

Басқа материалдар

Back to top button