ЖаңалықтарСпорт

Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған турнирге сегіз елден 400-ге жуық боксшы қатысады

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, Қарағандыда 21-25 қазан аралығында ұлдар мен қыздар арасында бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы жүлдесіне арналған ХІІІ халықаралық турнир өтеді.

Облыстық Спорт басқармасынан

Оған сегіз елден (Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Чехия, Әзірбайжан, Моңғолия және Қазақстан) 2010-2011 ж.т. спортшылар қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қарағанды облысының құрамасы төрт алтын, жеті күміс және 14 қола жүлдені иеленіп, бірінші жалпы командалық орынға ие болды.
 Турнирдің ашылуы 21 қазан күні сағат 15.00-де С. Сәпиев атындағы бокс орталығында. Кіру тегін!

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button