Жаңалықтар
Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен кетті
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында кадрлық өзгерістер орын алды. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, жиу-житсудан әлем чемпионы Дәурен Есімханов атқарып отырған лауазымдарынан өз еркімен кетті.

Бұл ақпаратты облыс әкімдігі ресми түрде хабарлады. Ведомство мәліметінше, екі басшы да жұмыстан босату туралы өтінішті жеке шешімдерімен жазған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жанжал болғаны туралы ақпарат тараған еді. Кейінірек екі тарап та орын алған жанжалдың толықтай шешілгенін, өзара түсіністікке келгендерін мәлімдеген болатын.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



