Жаңалықтар

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ: «Өзгерістер алдында тұрмыз»

Ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық иегері Серік Ақсұңқарұлы Қарағанды қаласындағы №37 референдум учаскесіне барып, дауыс берді. Ақын конституциялық реформаға қатысты өз пікірін білдірді.

— Бүгін – тарихи күн. Өзгерістер алдында тұрмыз. Бұл өзгерісті Қазақстан халқы көптен күткен еді. Билік өз болашағымызды өзіміз таңдауымызға мүмкіндік берді. Мұнда әрқайсымыздың даусымыз маңызды. Мен де өз дауысымды бердім. Балаларым мен немерелерімнің келешегі үшін дауыс бердім, – деді ақын.

Басқа материалдар

Back to top button