Руханият

Әсерге бөлеген әрлі кеш

Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен орталық мәдениет және демалыс саябағының жаңа сахнасында «Ашық аспан астындағы театр» жобасының ашылуы өтті. Қасиетті қара шаңырақ Сакен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының белгілі әртістері Дина Заитова, Серік Сұлтанұлы, Айдар Нұрмағанбетов, Әнел Сағындықовалар театрдың симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен «КӨҢІЛДІ КЕШ» атты музыкалық-поэзиялық кешін ұсынды.

 

Сәкен театрының оркестрі кеште «Көңілді кеш», «Балбырауын», «Ақжелең», «Дайдидау» атты күйлерді орындап көрерменнің көңілін көтерді.

Сондай-ақ, Әнел Сағындықованың «Асыл әжем», Дина Заитованың «Ана туралы жыр», Серік Сұлтанның орындауындағы Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні» туындысы ерекше әсер қалдырды.

Концертте ән-күймен қатар жыр-шумақтары да оқылды. Ахай Жұмамұратовтың «Сүйемін» және де театр әртістерінің «Үйленемін», «Көңілді кеш» сынды өлең жырлары көрермен көңіліне жол тартты.

Қала тұрғындары енді аптаның демалыс күндері осындай мәдени-рухани іс шаралардың куәсі болады.

Қарақат ҚҰРМАШЕВА,
Еуразия ұлттық университетінің II курс студенті.

Басқа материалдар

Back to top button