АймақҚарағанды

Qarmet тасымалдау үдерісін одан әрі цифрландырады

Металлургия және көмір өндіру салалары үшін теміржол логистикасы – өндірістік циклдің ажырамас бөлігі. Qarmet компаниясы мен ұлттық теміржол операторы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өнеркәсіптік өнімдерді тұрақты әрі сенімді тасымалдауды қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмыстарын сәтті жалғастырып келеді. Сондықтан, компаниялар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл саланың тұрақты жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады.

Сурет Qarmet компаниясының баспасөз қызметінен

Өткен жыл қорытындысы бойынша Qarmet кәсіпорнында шамамен 3,8 млн тонна болат, 3,5 млн тонна темір рудасы концентраты және 7,5 млн тонна көмір өндірілді. Мұндай көлемдер тасымалдаудың нақты ұйымдастырылған жүйесін әрі маршруттың барлық кезеңдерінде, соның ішінде, халықаралық және шекаралық бағыттарда, жүк тасымалын үйлесімді жоспарлауды талап етеді.

– Qarmet «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп тасымалдау процесінің тұрақтылығын және дайын өнімнің түрлі бағыттар бойынша уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етеді. Логистикалық тізбектегі барлық қатысушылардың үйлесімді жұмысының арқасында 2025 жылы компания айына 300 мың тоннаға дейін өнім жөнелту бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Біз ҚТЖ-мен ынтымақтастықты одан әрі дамытып, көлік ағындарының тұрақтылығын және логистиканың тиімділігін қамтамасыз етуді жалғастырамыз, – деді Qarmet компаниясының логистика жөніндегі директоры Вячеслав Миронов.

Қос компания көлік жүйесінің тұрақтылығын қолдау бағытында да тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Жекелеген бағыттарда уақытша шектеулер туындаған жағдайда жүк ағындарын басқарудың арнайы режимдері қолданылады. Бұл кешігулердің болмауына, нарықтың барлық қатысушылары үшін тасымалдың болжамдылығын сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл өндірістік процестегі тәуекелдерді азайтып, келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, теміржол желісінің инфрақұрылымы да қарқынды дамып келеді. Іске асып жатқан жобалар негізгі көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыруға бағытталған. Бұл өнеркәсіптік өндірістің өсуіне және экспорттық жеткізілімдерді кеңейтуге қосымша мүмкіндіктер ашады.

Qarmet тасымалдау үдерісін одан әрі цифрландыру және жүк жөнелту жоспарларын келісудің ашық тетіктерін дамыту бағытын қолдайды. ҚТЖ­-мен бірлескен жұмыс көлік логистикасының тиімділігін арттырып, жеткізілімдердің тұрақтылығын нығайтуға Қазақстанның металлургия кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button