Еліміздегі “Таза Қазақстан” акциясы аясында ұйымдастырылған облыстық сенбілікке Теміртау қаласында 3450 адам қатысып, қала көшелері мен аула, жол жиектерін, бақтар мен гүлзарларды қыстайғы қоқыстан тазартты.


Сенбілік барысында оған 84 арнайы техника қатысып, 920 тонна қоқыс қалдықтары қаладан тысқары жерлерге шығарылды.

Ұйымшылдықпен өткен сенбіліктен соң құрышшылар қаласының аумағы тазарып, экологиялық ахуал да жақсара түсті.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ



