Жаңалықтар

Сенбілік – тазалық таразысы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Астана қаласындағы сенбілікке қатысып, сұхбатында қазақстандықтарды жаппай сенбілікке шығып, қала тазалығына атсалысуға үндеген. Бұл үндеуі осы күнде халық санасына бекіп келе жатқандай. Сәуірдің жылы күндерінде сенбіліктер ұйымдастырылуда. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне қарасты Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы да шет қалмады. Сенбілікке 200-ге жуық тыңдаушы қатысты.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Олармен қоса академия қызметкерлері де шықты. Қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі даңғылдар мен үйлер арасындағы көшелердің қоқыстарын жинады. Небәрі бір сағаттың ішінде жиналған қоқыс шамамен 50 қапқа жуықтады. Бұл сенбілікті өз бастамаларымен ұйымдастырыпты.

– Қаламыздың таза болғанын қалаймыз және осы жолда өз үлесімізді қосуға әрқашан дайынбыз. Ұстаздардан бастап, курсанттарға дейін осы бастаманы қолдады. Меніңше, әр азамат аз да болса, өз көмегін, шарапатын маңайына таратып жүруі тиіс. Барша қарағандылықтарды қала тазалығын сақтауға шақырамын, – деді полиция аға лейтенанты Әсемай Әлжаппарова.

– Төңірегіңнің таза болғаны жақсы. Біз шамалы болсын, осылай шаһарымыздың құлпырып тұруы үшін еңбек етеміз, – деді академия курсанты Самир Қуаныш.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button