АймақБас тақырыпҚарағанды

Сенбі күні концерттен соң қала тұрғындары автобустармен қамтамасыз етіледі

Облыс орталығы Конституция күні мен кеншілер күні мерекесіне қызу дайындық үстінде. Қазіргі таңда Тәуелсіздік алаңында үлкен мерекелік концертке дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Шара барысында қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлайды.

Мерекелік кештің қауіпсіз өтуі үшін 30 тамыз күні, сағат 16:00-де Бұқар жырау даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады. Атап айтар болсақ, Н.Назарбаев даңғылынан Н.Әбдіров даңғылына дейінгі аралығында көлікпен қатынау уақытша қолжетімсіз болмақ. Осыған байланысты көлік қозғалысы уақытша өзгерген схема бойынша ұйымдастырылады.

Суреттер қалалық әкімдіктен

Әкімдіктің хабарлауынша, концерт соңында тұрғындардың үйлеріне ыңғайлы жетуі үшін қоғамдық көлік қарастырылған. Автобустардың алғашқы легі 22:00-де жолға шығады. Шара үшін қосымша 80 автобус бөлініп, олар қала аудандары бойынша қатынайды:

• Сортировка, Майқұдық, Оңтүстік-Шығыс, Федоровка бағыттарына — «ЦУМ» аялдамасынан;
• Пришахтинск, ЖБИ, Михайловка бағыттарына — «Кеншілер мәдениет сарайы» аялдамасынан мінуге болады.

Сонымен қатар, қала маңындағы серіктес қалалардың тұрғындары үшін де қосымша рейстер ұйымдастырылады. Теміртау, Саран, Шахтинск және Абай қалаларына қатынайтын автобустар тұрғындарды «Кеншілер мәдениет сарайы» аялдамасының алдынан жинайды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button