Ресми

Сенаторларды мәслихат депутаттары таңдайды

 Биылғы басты саяси оқиғалардың бірі – ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болмақ. Бұл – Президент тапсырмасына орай былтырдан қолға алынған елдің болашағы үшін маңызды қадам. Сайлау жүйесіндегі өзгерістер «Жаңа Қазақстанды» құруда өз ықпалын тигізері және даусыз. Аталған саяси реформаның игілігін халық немесе бұқара көп кешікпей сезінуі тиіс. Ол үшін, әлбетте, сайлаудың әділдігі қажет.

Парламенттің жоғарғы палатасына депутат сайлау – сайлау процесінің кезекті маңызды қадамы. Ол былтыр 7 маусымда өткен жалпыхалықтық референдумда белгіленген болатын. Яғни, референдум мемлекеттік басқарудың жаңа форматының негізін қалады. Егер бұған дейін жоғарғы палатаның 15 депутатын Президент өзі тағайындайтын болса, енді олардың саны онға дейін азаяды. Сондай-ақ, тағайындалатын он сенатордың бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын болды. Аталған өзгеріс саяси жүйенің негізгі элементтерінің бірі – «Ықпалды Парламентті» шоғырландыруға қызмет етпек.

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде мәслихат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Депутаттардың өкілеттік мерзімі – алты жыл

Қарағанды қаласының медициналық университеті ректорының кеңесшісі, облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Вилен Моло[1]тов-Лучанский ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы – референдумда Конституцияға енгізілген сайлау процесі мен электралды кезеңге енгізілген өзгерістердің жүзеге асуның бір көрінісі екенін айтады.

Одан бөлек, Вилен Борисович Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан тоғыз депутат партия атынан кіретін болса, бұдан былай Қазақстан халқы Ассамблеясы кандидатураларын ұсынғаннан кейін сенаттың бес депутатын Президенттің өзінің сайлауы маңызды норма екенін айтады. –

Біріншіден, жаңадан енгізілген норма халықаралық құқық нормаларына, «ҚР Сайлау туралы» Заңға сәйкес. Сенаторлар Парламенттің жоғарғы палатасын білдіретінін ескерсек, сайлау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан сенат депутаттығына ең лайықтылары ұсынылатынын айту керек. Жоғары билік органдарында ҚХА өкілеттілігін сақтау өте маңызды. Бұл өз кезегінде ҚХА беделін нығайтып, қоғам игілігі жолында жұмыс істеп жүргендерді қоғамға танытуға ықпал етпек, – дейді Вилен Молотов-Лучанский.

Жалпы, Вилен Борисович Сенат депутаттарын сайлау халқымыздың демократиялық таңдау жасаудағы маңызды саяси бөлік екенін де айтады. Яғни, «Бірте-бірте барлық процестердің ашықтығы мен әділдігіне қол жеткіземіз» дейді ол.

Реформаның екінші кезеңі келесі электоралды кезеңнен басталады. Вилен Молотов-Лучанский бұл прогрессивті әрі заң тұрғысынан дұрыс жүзеге асырылған дейді. Яғни, «Әділетті Қазақстан» идеясымен біте қайнасқан.

Сарапшы алдағы Сенат депутаттарының сайлауында байқаушылардың болуы әрі қорытындысы барлық ақпарат құралдарында жариялануының өзі біздің демократиялық қоғамға бет бұрғанымыздың айқын көрінісі екенін де айтып отыр.

Салтанат ІЛИЯШ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button