Ресми

Сенат сайлауы 14 қаңтарда өтеді

ҚР Парламенті сенаты депутаттарының сайлауы 2023 жылғы 14 қаңтарға бекітілді. Әр өңірден бір-бір депутат сайланады. Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етеді.

Кандидаттарды ұсыну ертеңнен, яғни қарашаның 29-нан басталып, 14 желтоқсан күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 24 желтоқсанда басталып, 13 қаңтар сағат 00:00-де аяқталады. Ал 13 қаңтар – тыныштық күні. 14 қаңтарда Сенат депутаттарын сайлау өтеді. ОСК сайлау қорытындысын 20-шы қаңтарға дейін жариялайды.

Депутаттыққа үміткерлерге мынадай талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы және соңғы 10 жыл бойы ел аумағында тұрған;
  • 30 жасқа толған;
  • Жоғары білімі бар;
  • Еңбек өтілі кем дегенде 5 жыл;
  • Тиісті өңір аумағында кем дегенде 3 жыл тұрған үміткерлер депутаттыққа сайлана алады.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Back to top button