Сенат насыбай сатқандарға қылмыстық жаза тағайындайтын заңды қарастырып жатыр
Қазақстанда насыбай сатушылар Қылмыстық кодекс аясында жауапқа тартылады. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің алдын алу қызметі басқармасының бастығы Руслан Қаржаспековтың айтуынша, заң жобасы Сенатта қаралып жатыр, деп хабарлайды ortalyq.kz Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Спикердің айтуынша, қазір насыбай сату бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексте жауапкершілік қарастырылған (196-бап – «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау») және 25 АЕК көлемінде айыппұл көзделген. Бұл шамамен 92 300 теңге.
– Қазір Сенатта Денсаулық сақтау министрлігі бастамашылық еткен заң жобасы жатыр, оның шеңберінде насыбай мен вейптерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді және ол әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік ретінде есептелетін болады, – деді Руслан Қаржаспеков агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА