Семинарда салиқалы әңгіме қозғалды
Өткен аптаның соңында Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаментінде семинар өтіп, салиқалы әңгіме қозғалды.
Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Бақтияр Макеев қатысты.
Жиын барысында департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар жария етіліп,таныстырылды. Сондай-ақ қызметтік әдепті сақтау мәселелері,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес,мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау туралы және әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі жөнінде ақпарат беріліп, сұрақ-жауап алмасуы болды.
Арман ЛЯМБЕКОВ,
Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы