АймақСпортШет

Сейсенбай Жанасыловты еске алуға арналған турнир өтті

Шет ауданында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сейсенбай Жанасыловты еске алуға арналған дзюдо күресінен жасөспірімдер мен қыздар арасында ІХ дәстүрлі ашық республикалық турнир өтті.

Сурет: аудандық спорт бөлімінен

Биыл аталмыш турнирде 200-ге жуық жас палуан өнер көрсетті. Басында облыстық деңгейде өткен сайыс қазір республикалық додаға айналды. Әр жылы жарысқа Қазақстан, Ауғанстан, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерінің балуандары қатысып келеді.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Мұхтаров қатысушыларға сәттілік тілеп, демеушілерге алғысын айтты. Марқұмның досы, әріптесі Жолдас Қарашолақов та жылы лебізін білдірді.

Жеңімпаздарға турнир демеушілерінің бағалы сыйлықтары, ақшалай жүлделері һәм дипломы табысталды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button