Жаңалықтар

Сегіз отбасыға тауарлы несие

Облыста «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жұмысы сәтті жалғасып жатыр. Атап айтсақ, Бұқар жырау ауданында алты шаруа қожалығы сегіз отбасына 27 ірі қара малға тауарлық несие берді. Аталған жоба ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін іске қосылған.

Тауарлық несиелеу барысында ауыл тұрғындарына ірі қара немесе ұсақ мал беріледі. Бес жыл ішінде үш төлдің екеуін қарыз алушылар несие берушіге беруге міндеттеледі. Мысалы, бір сиырдан бес жыл ішінде ауыл тұрғыны үш бұзауды несие түрінде қайтаруы керек. Осы шарт орындалғаннан кейін және бес жыл өткеннен кейін тауарлық қарыз өтеледі.

– Тауарлық несиелендірудің артықшылығы – өз шаруашылығын айтарлықтай бастапқы салымдарсыз дамыту мүмкіндігі. Бес жыл ішінде отбасылар сүт сатудан да табыс табады. Бұл олардың қаржылық жағдайын жақсартуға ықпал етпек. Несиені қайтару ақша қаражатымен емес, төлмен – бұзаулармен жүзеге асырылады. Бұл қарыз алушыларға қаржы қысымын сезінбеуге және бір мезгілде өз шаруашылықтарын да дамытуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Бұқар жырау ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Манат Құрманғалиев.

Кәсіпкерлер де тауарлық несиені енгізу өзара тиімді шешім болғанын, бұл бастаманың ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға көмектесетінін айтады.

– Табысы төмен отбасылардың бәрі мал сатып алып, үй шаруашылығын жүргізе алмайды. Екі отбасына жеті ірі қара бөлді. Мен ол екі отбасын да жақсы білемін. Олардың өз тұрмыс деңгейін көтеруге ұмтылғанын қалаймын. Сауын сиырлар бердік. Ауыл тұрғындары олардан сүт алып, май, қаймақ жинап, сатуына болады. Бес жылдан кейін сиырлардың өзі де осы отбасыларда қалады. Маған барлығы төрт бұзау қайтарылады, – дейді «Үлкен» ШҚ басшысы Григорий Шарков.

Тауарлық несие әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылар үшін өте маңызды. Тауарлық несие алғандардың бірі – Ақжар ауылының тұрғыны Руслан Башаев көпбалалы әке.

– Отбасым үлкен, балалардың болашағы туралы көп ойлаймын. Маған тауарлық несиелеу бағдарламасына қатысу ұсынылғанда бірден келістім. «Арлан» шаруа қожалығының басшысы отбасыма үш сиыр бөлді. Несиелеу шарттары қолайлы және тиімді, – дейді Руслан Башаев.

Бұқар жырау ауданы тауарлық несиелендіру іске қосылған бірінші аудан екен атап өткен жөн. Бағдарламаны іске асыру алдағы уақытта да жалғаспақ.

Өз тілшімізден

Суретті түсірген Данияр ТОРЖАНОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button