Бас тақырып

Сегіз адам эвакуацияланды

Балқаш қаласының Мира көшесінде төрт қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхананың ас үйінен өрт шықты. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт кезінде сегіз адам эвакуацияланған. Оның ішінде үшеуі – бала.

Сурет ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен

– Оқиға орнына келген құтқарушылар мекеменің ас үйінде қазандағы май жанғанын анықтады. Өрт сөндірушілер алты шаршы метр алаңды шарпып үлгерген өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.

Мамандар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button