АймақЖаңалықтар
Саяжай тонаған жасөспірімдер ұсталды
Қарағанды облысы Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері саяжай тонады деген күдікпен 16-17 жас аралығындағы 5 жасөспірімді ұстады.
Олар түнде терезені шағып кіріп, саяжайдан үш сорғы насос, электр ара мен тағы да тұрмысқа қажетті құрал-саймандарды ұрлап кеткен. Зардап шеккен тарап шығын көлемін 260 мың теңгеге бағалаған. Ұсталғандар кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Тергеу барысында полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығын анықтады. Ұсталғандар бірінші қылмыс орнынан алыс емес жерде орналасқан саяжайдан жалпы құны 60 мың теңге тұратын дәнекерлеу аппаратын қолды еткен. Қазіргі таңда ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.