Ресми

Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты – Президент

19 наурызда өткен Мәжіліс және мәслихат сайлауының қорытындысы бойынша, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылғаны жөнінде Президент VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында айтты.

Сурет: aqorda.kz

– Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды.

Сондай-ақ, ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты.

Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты, деді Мемлекет басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button