Саябақ жаңғыртылады

Қарағандыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағын кәсіпкерлер тастап кеткен жылжымалы сауда нүктелерінен тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қалалық мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы мәлімдеді.

Бизнесмендерге қажетсіз контейнерлер саябақтың сиқын кетіруде. Кәсіпкерлермен жасалған келісім-шарттардың мерзімдері өткен жылдың қыркүйегінде аяқталған. Алайда, олар тиісті ескертулер алғанымен, бірде-бірі ескі дүңгіршектер мен контейнерлерді алып тастауға асығар емес. Тастап кеткен сауда нүктелері Қарағандының саябақтар басқармасының аумағына тасымалдануда. Сол жерден контейнерлерді қожайындары алып кете алады.

Айта кету керек, биылғы жылы Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағын көгалдандыру және абаттандырудың жаңа тұжырымы жүзеге асырылады.

Осылайша, бас сахна мен көгілдір қақпа арасындағы барлық жылжымалы сауда нүктелері алып тасталады. Мұнда табиғи көгал егіліп, қылқанжапырақты ағаштар отырғызылып, мүсіншелер орнатылады.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.