АймақЖаңалықтарҚарқаралы
«Саумалкөл» көлінің жағалауы қоқыстан тазарды
Қарқаралы ауданы, Теректі ауылына қарасты «Саумалкөл» көлінің жағалауына тазалық жұмыстары жүргізілді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған шараға жергілікті «Алтайполиметалл» ЖШС кәсіпорыны атсалысты.
Сенбілікке аталған кәсіпорыннан 10-нан аса жұмыскер мен арнайы екі техника жұмылдырылды. Олар көл жағасында шашылған қоқыстарды жинады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz