Сауда орталықтарының жұмысына шектеу қойылады
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай МЫРЗАҒМЕТОВ қызыл аймақтағы өңірлердің жағдайы жайлы айтып берді.
– Қызыл аймақтағы 16 өңірдің бесеуінде жағдай қиын болып тұр. Осы өңірдегі кәсіпкерлер тамыздың 2-нен бастап бүгінгі қаулыға байланысты тек Ashyq жүйесінде ғана жұмыс істейді. Келісім бойынша, тек демалыс күндері ғана Ashyq жүйесінде жұмыс істеу толық тоқтатылады. Әсіресе қызмет көрсету саласы, қаулыда қызмет көрсету саласының 30 түрі көрсетілген, оның ішінде тамақ беру, сауда орталықтары, сән салондары және тағы басқалары бар. Ashyq қосымшасы іске қосылған кәсіпкерорындар кешкі 20.00-ге дейін істейді. Сонымен қатар, Ashyq ішіндегі тағы бір жаңалық бар. Біз өте жауапты кәсіпкерлерді ынталандыруымыз керек. Жауапты кәсіпкерлерге Ashyq жүйесінде ашық түрде жұмыс істейтін, келген азаматтарды жауапты тіркейтін, чек жасайтын кәсіпкерлерге, олардың саны 1 мыңға жуықтады, осы кәсіпкерлерге жеңілдіктер жасалады, олардың жұмыс істеу уақыты кешкі 22.00-ге ге дейін созылады.