Жаңалықтар

Сауапты іске атсалыс

Бүгін – Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні. Ұлттық акцияның маңызы терең. Егер, өз өңірімізді абаттандырып, жасыл желекпен көмкеруді көздесек, осынау игі іске ат салысқанымыз абзал.
Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген нақыл бар. Бұл өсиет өміршеңдігін жоймақ емес.
Дәстүрге сай, жергілікті билік биыл да жер-жерде тал егіп, көшет отырғызу жұмыстарын қолға алды. Сенбіліктер ұйымдастырылып, қала, елді мекендерде тұрмыстық қалдықтарды жою, көше-аулаларды тазарту ісі жалғасуда.
Негізі, өткен ғасырдың 50-ші жылдарында агрономдар мен ботаниктердің өткізген зерттеулеріне сай, Қарағанды облысының күрт құбылмалы ауа райын және құрғақ климатын ескерсек, аймағымызда ұзын жапырақты шегіршіндер немесе қарағаштар, үйеңкі және терек жақсы өседі. Дұрыс күтім жасаған жағдайда шыршалар, қайың және басқа да ерекше күтімді қажет етпейтін ағаштар да жапырағын кеңге жаймақ.
Қарағанды басшылығы халықты көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button