"Білгенге маржан"

Сауалына – жауабы: «Анда» деген не?

Газетіміздің 4 сәуір күнгі №35 (22 776) санында жарияланған «Сабадар дегеніміз не?» деген сауалымызға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші жолдаған – Қарағанды қаласының тұрғыны, «Ғасыр адамы» атанған қазақтың атақты физигі Темірғали КӨКЕТАЕВ.

Сабадар

«Ежелден қазақтың сусыны – қымыз. Болмысынан етке жақын еліміз, қымызын жанынан тастамаған. Бие сауудан бастап, дастарханға тартылғанша қымыз дайындау дәстүрін көзіқарақты жұрт жақсы біледі. Қазақтың той-мерекесі қымызсыз өтпеген. Қазіргі қала қазақтары баяғыдай күнде ішпесе де, қолдары жеткенде ішіп тұрады. Бұрындары қымыздың көп ішілетіндігі сонша, сыйлы қонақ келгенде қымызға жауапты арнайы адамдар болған. Солардың басшысын «Сабадар» дейді екен. Ауылдың көнекөз қариялары да кей отырыста қымыз бабында болса, «Сабадары мықты болса керек, қымыз бал екен» деп отыратын. Ептеп ұмытыла бастаған сөз, Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романында да кездеседі» делінген хатта.

* * *

Келесі сауалымызға назар аударыңыздар!

«Анда» дегеніміз не?

Сауал сырына үңілген Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button