Жаңалықтар
Сауалына жауабы
Газетіміздің 24 желтоқсан күнгі №199 (22304) санына шыққан «Жеті жоқтың жауабы қандай?» деп жариялаған сауалымызға жауап келді. Дұрыс жауапты бірінші болып жолдаған Бұқар жырау ауданы, Керней ауылының тұрғыны, 67 жастағы зейнеткер Қазкен САДЫҚҚЫЗЫ болды.
Жерде өлшеуіш жоқ,
Аспанда тіреуіш жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Тасбақада талақ жоқ,
Аллада бауыр жоқ,
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Сондай-ақ, Бәйдібек бидің «төрт жоғы»:
Сиырда аунамақ жоқ,
Жылқыда күйсемек жоқ,
Таста тамыр жоқ,
Суда қаймақ жоқ.
***
Келесі сауалды Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ЖОББ мектептің кітапханашысы Л.Тайжанова жолдайды:
«Сәкинек,
Сенделме,
Шықылдақ,
Наз,
Тәкпір,
Жұр,
Қарқара,
Құмыра,
Тұлық,
Үк,
Бауырынтақ» сөздерінің мағынасы қандай?
Сауал сырына үңілген Мирас АСАН