АймақҚарағанды

«Сарыжайлау» кинотеатрында алтын қордағы фильмдер тегін көрсетілуде

Бүгін, 18 наурыздан бастап Қарағандыда наурыз мерекесіне орай «Сарыжайлау» кинотеатрында ұлттық кино күндері басталды. Акция 20 наурызға дейін жалғаспақ.

Сурет: «Сарыжайлау» кинотеатрынан

Кинотеатрда көрермендер Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының алтын қоры ұсынған картиналарын тамашалай алады. Кіру тегін. Сеанстар күнделікті сағат 13.10-да басталады.

18 наурыз – екі бөлімнен тұратын «Қыз Жібек» көркем фильмі көрсетілді. Режиссері Сұлтан-Ахмет Ходжиков.
19 наурыз – режиссер Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи драмасы көрермен назарына ұсынылады.
20 наурыз – режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» тарихи драмасы ұсынылады.

Фильмдер қазақ тілінде орыс субтитрлерімен өтеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button