Жаңалықтар

Сарысудың Жаңаарқалық сұрмергендері

«Орталық Қазақстан» газетінінің 23 ақпандағы санында мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕДТІҢ «Өшпес ерлік» атты көлемді мақаласы жарияланды. Онда Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты сұрмергені, Жамбыл облысының Сарысу ауданында туған, арғы аталары Сарыарқаның Жаңаарқа өңірінен шыққан батыр майдангер Ыбырайым СҮЛЕЙМЕНОВ туралы айтылған. Мақала асқан байыптылықпен жазылған және мәселе өте орынды көтерілген. Ерлігіне сай марапат алмаған жерлестеріміз қаншама… Ойды ой қозғайды. Менің есіме Қаражал қаласының тұрғыны болған екінші жаһан соғысында винтовка мен зеңбіректі қоса ұстаған сұрмергеннің бірі емес, бірегейі Төлеутай БЕКБОСЫНОВ ақсақал түсті.

Суретте: Төлеутай БЕКБОСЫНОВ.

Майдангер ақсақалмен 1986 жылы танысқан едім. 1986 жылдың ақпан айында бұрынғы Жезқазған облыстық ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің нұсқаушысы қызметінде жүргенімде басқарма бастығы, милиция генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың бұйрығымен Қаражал қалалық ішкі істер бөлімі басшысының саяси істер жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым. Жұмысымды бөлімнің жеке құрамы мен ішкі істер органындағы ардагерлермен танысудан бастадым. Шақырылған ішкі істер қызметінің ардагерлері ішінде

Төлеутай Бекбосынов ақсақал да бар еді. Майдангер ақсақал өзінің ішкі істер саласында қызмет атқармағандығын, бірақ Отан соғысының жауынгері ретінде бұрыннан ішкі істер қызметкерлерімен кездесулерге қатысып тұратынын айтты. Кездесуге келгендер арасында жалғыз соғыс ардагері болғандықтан кабинетіме шақырдым. Әңгімеміз соғыс жайында болды. Есімде қалғаны, майдангер ақсақалдың соғыста мергендер даярлайтын арнайы қысқа мерзімді курсты аяқтаған соң, атқыштар полкінің мергені болып үнемі алғы шепте жүргені, командирлердің неміс солдаттары мен офицерлерінің көзін жою туралы арнайы бұйрықтарын орындап отырғаны. Әңгіме үстінде майдангер ақсақал қалтасынан соғыс кезінде толтырып отыратын жеке «Мерген кітапшасын» алып көрсеткен еді. Кітапшада мергеннің қай күні, қай жерде қандай позицияда жаудың қанша офицері мен солдатының көзін жойғаны туралы жазылып, оны батальон, полк командирлері растап мөр басып, қол қойыпты. Майдангердің сол «Мерген кітапшасы» ұрпақтарында сақталған шығар.

Ресей Федерациясының «Память народа» сайтынан майдангер Т.Бекбосынов туралы қосымша деректер іздеуім сәтті болып, он шақты парақтан тұратын тың деректер табылды. Енді соларды сөйлетейік.

Т.Бекбосынов әскер қатарына 1941 жылдың 12-ші желтоқсанында Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының АӘК-нан шақырылған. 1910 жылы туған, ұлты қазақ, 1936 жылдан ВКП(б) мүшесі. Подольск қаласының әскери мұрағатынан алынған дерек бойынша 1943 жылдың ақпан айына дейін Алматы облысының Жаркент қаласында еңбек армиясында жүргенде, соғысқа өз еркімен сұранып, Жаркент қаласының Әскери Комиссариаты арқылы майданға аттанады. Ол туралы Ресей Федерациясының Подольск қаласы әскери-соғыс мұрағатының «Дорогой памяти» жобасында былай деп жазылған: «Снайпер Толеутай Бекбосынов. Родился 1910 году в Жанааркинском районе. Толеутай в 1941 году призывается в Красную армию. Сначала в трудармию, затем по собственному ходатайству в 1943 году зачислен в 128 гвардейскую стрелковую дивизию под Ленинградом. Еще новобранцем, Бекбосынов удивил командиров своим мастерством, он был отличным стрелком. К сентябрю 1943 года на счету снайперской книги был записан 127 убитых вражеских солдат. Его наделяли особыми знаниями. Ранение изменило его фронтовую судьбу. После госпиталя Толеутай попадает 57-й артиллерический батальон 5-ой Ударной Армии Волховского фронта. Но и после этого снайпер продолжал вести счет. В Берлине орудие командира Бекбосынова поразило четыре танка. 9 мая 1945 года Толеутай написал на стене Рейхстага арабской вязью «Бекбосынов Толеутай. Казахстан». За мужество и героизм, проявленный на полях сражении Т.Бекбосынов награжден медалями «За оборону Ленинграда», «За взятие Берлина», «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне», Орденами «Отечественной войны І и ІІ степени, «Красной звезды». Дети и внуки героя проживают в городе Нур-Султане и Карагандинской области. Казахстан».

Майдангер соғысты Ленинград Майданының 43-атқыштар корпусы, 128-атқыштар дивизиясының 741-атқыштар полкінде қатардағы жауынгер болып бастаған. Алғашқы наградасы «Қызыл Жұлдыз» орденімен Ленинград Майданы 43-атқышар корпусының 1943 жылдың 3 маусымдағы №02/Н бұйрығымен берілген. Бұйрыққа корпус командирі генерал-майор Андреев пен штаб бастығы полковник Кузьмин қол қойып, корпус мөрі басылған. Бұйрыққа негіз болған наградтау парағындағы орыс тілінде жазылған мазмұны қаз-қалпында: «Тов. Бекбосинов с первых дней прихода в действующей армии находится в частях передовой линии. Повседневно ведет борьбу по уничтожению немецких оккупантов, проявляя при этом мужество и отвагу и умение.

Овладев искусством снайперского дела (окончил курсы снайперов 6 апреля 1943 года), стал неустанно повышать свой боевой счет по истреблению немецких оккупантов. Сейчас снайпер тов. Бекбосинов на своем боевом счету имеет 75 истребленных гитлеровцев. Бекбосинов проводит большую работу в части боеготовности и знания в совершенстве военного дела личным составом подразделения, где он работает, воодушевляя товарищей своим примером.

За проявленные доблесть, мужество и отвагу в борьбе с немецкими захватчиками тов. Бекбосинов достоин правительственной награде ордена «Красная Звезда».

Наградтау парағына 741-ші полк командирі майор Талаквадзе мен штаб бастығы майор Прохоров қолдарын қойып мөрін басқан. Полк командирі ұсынысын 128-ші атқыштар дивизиясының командирі полковник Потапов пен штаб басшысы подполковник Денисовтер қолдап, колдарын қойып мөрлерін басқан.

Екінші наградасы «1945 жылдың 24 мамырында Ленинград қорғанысын бұзудағы 3-ші артиллерия корпусының командирі 1945 жылдың 24 мамырында №028/н бұйрығымен берілген. Бұйрықта рет саны бойынша 14-ші: «Командира орудия 54-го легкого Артиллерического полка старшего сержанта Бекбусинова Тулеутая: наградить орденом «Отечественной войны І степени». Бұйрыққа корпус командирі артиллерия генерал-майоры Лихачев пен штаб басшысы полковник Гуревич қол қойған. Бұйрыққа негіз болған наградтау парағында майдангердің фашистермен соғыста үш рет жарақат алғаны көрсетілген: 05.10.1942 ж., 05.11.1943ж. және 30.09.1944 жылдары. Наградтау парағының мазмұны: «В боях по расширению плацдарма на левом берегу р.Одер в районе сев. Кюстри тов. Бекбосинов показал себя храбрым, отлично знающим свое дело, командира орудия. 14-17 апреля 1945 года в районе населенных пунктов Цехин-Легин огнем своего орудия уничтожил 3 пулеметной точки, подавил огонь двух минных батарей, чем обеспечил продвижение наших частей в период 20.04.1945 года в районе д.Грунов несмотря на сильный артиллерический обстрел противника, вел огонь по контрата-кующему противнику и уничтожил 2 станковых пулемета и до 25 солдат и офицеров противника, обеспечив этим отражение контратаки противника. Достоин правительственной награды ордена «Отечественной войны ІІ степени». Наградтау парағына «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденін беруді қолдап полк командирі майор Коршунов, 20-шы жеңіл Артиллерия бригадасы командирі, гвардия подполковнигі Долинский, 2-ші артиллерия дивизиясының командирі Шлепин, корпус командирі артиллерия генерал-майоры Лихачев 1945 жылдың 8 мамырында қолдарын қойып, мөрлерін басқан. Алайда, төменгі әскери бөлімдер командирлерінің ұсынысын жоғарғы Армия, Майдан қолбасшылары өзгерткен болуы керек, өйткені корпус командирі артиллерия генерал-майоры Лихачевтің 16 күн өткеннен кейін 1945 жылдың 24 мамырда қол қойған бұйрығында тайға таңба басқандай сержант Т.Бекбосынов «І дәрежелі Отан соғысы» орденімен наградталсын деп жазылған.

Т.Бекбосынов майданда тек қол қаруы винтовканың мергені емес, артиллерия зеңбірегінің де сұрмергені. Ленинград майданының 54-ші жеңіл артиллерия полкінің зеңбірек командирі болған соғыстарда оның зеңбірегінен атылған снарядтар жаудың техникасына дөп тиіп, қиратып отырған. Оған дәлел жоғарыда айтылғандай Совет армиясының Берлин қаласын алу операциясы кезінде қала ішіндегі қиян-кескі шайқаста Бекбосынов зеңбірегімен жаудың төрт танкісін жойғандығы. Газетіміздің биылғы 14 қаңтарда жарияланған «Жауынгердің ерлік жолы» мақаламда жаңаарқалық майдангер Қажымұрат Тапановтың ерлігі туралы жазған болатынмын. Майдангер Қ.Тапанов та жаудың станокты пулеметтері мен минометшілері орналасқан атыс ұяларын жоятын арнайы қарудың көздеушісі, мергені болған, соғыста көздеушіні «наводчик» деп атаған. Осыдан кейін жаңаарқалық жауынгерлер соғыста кез келген қарудың сұрмергені болған екен деген ойға қаласың. Олай дейтінім, Подольск қаласы әскери мұрағатынан атағы бұрынғы Кеңес одағына мәшһүр болған Жамбыл облысы, Сарысу ауданының 6-шы ауылында туған жаңаарқалық Кеңес Одағының Батыры Амантай Дәулетбеков туралы деректердің Подольск сайтында жариялануы. А.Дәулетбеков әскер қатарына 1939 жылы шақырылып, Отан алдындағы борышын Қиыр Шығыста атқарған екен. Батыр жерлесіміз туралы бұрындары да жазылған шығар. Алайда, Кеңес Одағы Батыры атағына ұсынылған наградтау парағындағы мына фактілерді қаз-қалпында келтіре кетейін: «Даулитбеков Амантай, старший сержант, командир орудия 1180 Краснознаменного истребительного противотанкового артиллерического полка, 1917 года рождения, участвовал в боевых действиях с 03.07-05.07. 1942 года Юго-Западный, Сталинградский, Донской и Центральный фронтах. Ранений и контузии не имеет. В Красной Армии с 1941 года. Призван Джамбульским РВК Джамбульской области. Ранее награжден медалью «За боевые заслуги» приказом по полку №1 от 30.11.1942 года и орденом «Красная Звезда» приказом №90/н Командующего 21 Армией 23.01.1943 года. Краткое изложение подвига: Командир орудия 1 батареи старший сержант Даулитбеков Амантай, во время боя 09.07. 1943 года в районе станции Поныри на высоте 253,5, когда противник предпринял наступление и прорвал линию обороны первой батареи 1019 стрелкового полка, орудие Даулетбекова было окружено фашистскими танками и пехотой. Командир орудия Даулитбеков принял решение прорваться из фашисткого кольца и первый открыл огонь по прилижающейся пехоте с автоматчиками, поддерживаемых 18-ю танкамии из них «Т-6» – 13 и 14 самоходных орудий. Оставив у орудия двух человек, с остальным расчетом Даулитбеков пошел уничтожить пехоту, бой длился 2 часа. 13 раз противник старался сжать кольцо и уничтожить Даулитбекова. Но товарищ Даулитбеков отбивал и эти попытки врага. За это время было подбито: 10 танков, 7 самоходных орудий, уничтожены до роты солдат противника. Враг пошел в ярость и решил раздавить пушку и героев. Противник делает 14-ю попытку уничтожить орудие и расчет, в котором уже осталось 4 человека. Снаряды на исходе. Танки и автоматчики подошли на расстояние 150 метров от орудия. В это время прямым попаданием совершенно выведена из строя пушка. Даулитбеков с бойцами бросился в рукопашную, сбил 4-х фрицев ногами и прикладом автомата, но пуля сразила его. За период своих боевых действий орудие Даулитбекова уничтожило 29 танков, 13 самоходных пушек, 150 человек пехоты и автоматчиков. Вот его посмертный боевой счет. Достоин высшей Правительственной награды ордена Ленина с присвоением посмертного звания «Героя Советского Союза» 21.08.1943 г.». Наградтау парағына төменгі командирлерінің ұсынысын қолдап 2-ші танк армиясының қолбасшысы – танк әскерінің генерал-лейтенанты Богданов пен армияның Әскери кеңес мүшесі, танк әскерінің генерал-майоры Латышев қол қойған. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасының 1943 жылдың 24 желтоқсандағы Жарлығымен аға сержант Амантай Дәулетбековке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Майдангер аталарымыз, әкелеріміздің әлі де біз білмейтін ерліктері туралы қаншама деректер Ресей мұрағаттарында шаң басып жатыр екен… «Өлінің қамын тірі жер» демекші, іздестіре берейік…

Сәлижан САДЫҚОВ,

КСРО ішкі істер органының отставкадағы

милиция подполковнигі.

Басқа материалдар

Back to top button