Қарқаралы ауданында биыл біршама жұмыстар атқарылуда. Мәселен, көптен бері шешілмей келе жатқан Матақ ауылындағы ауыз су мәселесі шешімін тапты. Одан бөлек, абаттандыру, құрылыс жұмыстар да жүргізіліп жатыр. Енді Сарыобалы ауылына қатынайтын тас жолына да жөндеу жұмыстары басталды. Тіпті, аудан бюджетінен қаржы да бөлінген.
Аудан басшысы Ерлан Құсайын аудан тұрғындарымен кездесу жұмыстары барысында біршама мәселелерді талқылаған болатын. Кездесуде көтерілген мәселелердің бірі – Сарыобалы ауылына қатынайтын тас жолының жай-күйі еді.
Аудан басшысы осы мәселені шешу мақсатында құзырлы бөлімдерге тапсырма беріп, шешу жолдарын тапсырған. Тіпті, аудандық бюджеттен ақша да бөлген. Нәтиесінде, мердігер ұйым тиісті шараларды қолға алып, жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен. қазірдің өзінде біршама жұмыстар атқарылыпты. Биыл жыл соңына дейін жөндеу жұмыстарын толық аяқталады деп күтілуде.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz