“SARYARQA AQPARAT” МЕДИАХОЛДИНГІ «ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ» АКЦИЯСЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Ардагерлердің өшпес ерлігін елеусіз қалдырмау мақсатында «Ер есімі — ел есінде» акциясы онлайн форматында өткізіледі.

Құрметті майдангер ұрпақтары, сіздерді осы акцияға қатысуға шақырамыз!
Бізге Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарыңыздың жеке деректері көрсетілген фотосуреттері мен қысқаша өмірбаянын жіберіңіз.
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан батырлардың суреттерін А6 (10х15)- jpg және pdf форматында жіберу керек. Фотосуреттер сапалы болғаны абзал. Алынған материалдардан арнайы ролик дайындалады. Осы ролик Жеңіс күні қарсаңында интернет ресурстарда және қаланың led-экрандарында көрсетіледі.
Мәліметтерді @life09kaz аккаунты немесе +7 701 427 75 20 нөміріне Whatsapp арқылы жіберуге болады.
Материалдар 20 сәуірден 30 сәуір сағат 20:00-ге дейін қабылданады.
ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ!
#қазақстан #қарағанды #жеңіс #ересіміелесінде #9мамыр #LIFE09